Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жылдамдық режимін 17 рет бұзған жүргізуші анықталды

25.02.2025, 8:45 50

Қызылордада жылдамдық режимін 17 рет бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді. Шара барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Қазір қала аумағында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Ол полиция қызметкерлерінің көліктерді іздестіру жұмысын жеңілдетті. Құқық бұзушыларды жедел ұстауға мүмкіндік береді. Аталған жүйенің көмегімен қала аумағында жылдамдық режимін 17 мәрте бұзған көлік жүргізушісі анықталды. Оның әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүргені белгілі болды. Жүргізуші көлік құралын тиісті құжатсыз басқарған. Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды», – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: