Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

04.11.2021, 15:20 360

HALYQLINE.KZ  2021 жылдың 27 қазан түнгі уақыт сағат 01:30 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 03 маусым 2019 жылы 5 жыл көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: