Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталушы түзеу мекемесіне жолданды

18.07.2023, 15:37 148


HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының 07.03.2023 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған У. есімді азамат жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін 09.06.2023 жылы Қызылорда облысы, Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, У. есімді сотталған есепке алынғаннан кейін бар-жоғы екі ай уақыттың ішінде пробациялық бақылаудан жасырынып, сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробациялық бақылаудан жасырынуы, мәжбүрлі еңбекті дәлелсіз себептермен бір айдың ішінде екі және одан да көп рет орындамауы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудегі қаскөйлік пен заңды бұзу болып есептеледі.

Аталған ұсынымды 29.06.2023 жылы негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.
Осыған орай, У. есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының 9 (тоғыз) ай 4 (төрт) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.
Қаулы заңды күшіне 17.07.2023 жылы енген.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталғанның міндеті болып есептеледі. Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылдады.

А. Танбаев,

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы,
әділет майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: