Жазасын өтеушілердің туған-туыстарына түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілсе де, олардың түрлі қитұрқы әрекеттерге баруы толастамай тұр.
Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінде сотталған азаматқа келген тағамдарды тексеру барысында ұялы телефон табылды.
Бұл – мекеме қамауындағы 3 жыл қатаң режимге қамалған сотталушыға келген А есімді азаматтың әкелген «сыйлығы».
Мекеменің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі қызметкер, РжКБ-нің бақылаушысы, әділет сержанты Е.Яхияевтің жіті қадағалауының нәтежиесінде, майонез қауашағының ішінен «Teхet » маркалы ұялы телефон және 1 дана сим карта тәркіленді. Қазіргі таңда бұл іс Қызылорда қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!