HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жұмыс обьектілерінен мекемеге оралған сотталған азаматтарды тінту-тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Мекеме қызметкерлері жұмыс обьектісінен оралған Т. есімді сотталғанды тексеру барысында оның қалтасынан темекі қорабының ішіне 3 дана шылымға нығыздалып салынған, сотталғандардың пайдалануы мен сақтауына тыйым салынған «жасыл түсті өткір иісті» зат тәркіленді. Тәркіленген зат бойынша жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сот сараптамасының қорытындысымен салмағы 1,98 грамм құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!