Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар 5 қыркүйек – Халықаралық тілдер мерекесі күнін атап өтті.
Мерекелік 3c-шарада жазасын өтеуші азаматтар мекеменің кітапханашы маманы Б.Сәруарұлымен бірлесіп, Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқып, талдап, өзара пікір алмасты.
– Жыл сайын аталып өтілетін бұл мерекеде, сотталған азаматтарға тілдер мерекесінің маңызын түсіндірді. Қазақ тілі – ана тіліміз. Дүниеге есігін шыр етіп ашқаннан, ана сүтінен нәр алдық. Сөйлеуге алғаш қадам бастағаннан-ақ алдымен ана-әке деп тіл қатамыз. Ер жете келе білімімізді дамыту мақсатында көптеген ұлттардың тілін үйреніп, кейбіреуі тіпті, туған тілін ұмытыпта жатады. Қазақ тілі ешқашан өлмейтін тіл. Қазақ тіліне деген құрметтің арқасында еліміз көркейіп, ана тілімізге деген сұраныс шетел халықтары арасында қарқынды дамып келеді, – деп өз ойын білдірді кітапхана маманы Б.Сәруаров.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!