Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Сергек» камералары арқылы 66 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді

17.03.2025, 17:00 48

Өткен жылдың шілдесінен бері Қызылорда қаласында пилоттық режимдегі «Сергек» жобасы аясында 100 бейнебақылау камерасы, 10 стационарлық жылдамдық өлшеу қондырғысы орнатылған. 

«Соның көмегімен жол қозғалыс ережесін бұзудың 5241 дерегі анықталып, 66 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Халық арасында «камераларды айыппұл төлету үшін көптеп орнатып жатыр» дегендей әңгіме жүр. Шын мәнінде олай емес. Негізгі мақсат – тұрған жеріміздің тазалығын қадағалау, қылмыстың алдын алу, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Қытайда орта есеппен 200 млн, Америка мен Еуропада 40-50 млн камера бар», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сәбит Ибадулла. 

Қазіргі күні облыс орталығында 272 бейнебақылау камерасы бар. Оның санын жыл соңына дейін 1400-ге жеткізу жоспарланып отыр. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: