19 жастағы қыз бен кәмелетке толмаған жасөспірім тез арада табылып, полицияға жеткізілді.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері жастардың қызметтік көлікке түкіріп, оны 19 наурыз күні TikTok-қа жариялағанын анықтады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушылар 19 жастағы қыз бен кәмелетке толмаған жасөспірім тез арада табылып, полицияға жеткізілді. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін хаттама ресімделді. Іс бойынша құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды, ал Білім басқармасына тиісті ұсыныс дайындалып, берілетін болады.
Ювеналды полиция мұндай оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізуді жалғастырып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!