Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қолы қан-қан болып қашып бара жатқан азамат ЖБО бейнекамерасына түсіп қалды (видео)

20.09.2023, 16:05 391

HALYQLINE.KZ

Қызылордада қолы қан-қан болып қашып бара жатқан азамат ЖБО бейнакамерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйек күні таңғы сағат 06:00 шамасында қала көшелерінің бірінде екі азаматтың өзара жанжалдасып, олардың бірі екіншісіне үшкір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнекамераларын қарау барысында күдікті азамат қолы қан болған күйде қашып бара жатқаны анықталып, сол аймаққа бөлінген патрульдік полиция қызметкерлерімен бұрын сотты болған 32 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты ешкайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: