HALYQLINE.KZ «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны және Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқандары анықталды. Олардан тіркеуде жоқ бір аңшы мылтығы алынып, тәркіленді.
17 қарашада сағат 22:00 шамасында Қызылорда облысы ПД-нің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің және «Охотзоопром» ӨБ жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірге рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында Көктөбе ауылынан 70 шақырым болатын далалық жерде мемлекеттік белгісі жоқ мотокөлік тоқтатылды.
Мотокөлікті тексеру барысында 2 аңшы мылтығы, оның біреуі тіркеуде жоқ, 18 дана патрон мен Қызыл кітапқа енген екі дана қарақұйрық аңы және қоян анықталды.
Оқиға орнында күдіктілер 41 жастағы Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғыны және 29 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны ұсталды. Олар Жаңақорған АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!