Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарға көмек көрсетілді

07.09.2020, 15:15 489

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Шанс» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдай төмен, көпбалалы отбасылар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қол ұшын созып, көмек көрсетті.

Қазіргі таңда қалалық пробация қызметі есебінде 4 жасөспірім есепте тұр. Осы жасөспірімдерге оқу құраларды мен азық-түлік таратты. Сонымен қоса, есепте тұратын бала тәрбиесімен айналысып отырған, 10 азаматшаға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен қорғаныш құралдарын берді.

Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушы азаматтарға алғысын жеткізді.

«Бұндай қайырымдылық көмек жиі өткізіліп тұрады. Бұған дейін де балалар күніне орай, есептегі 4 жасөспірімге осы секілді азық-түлік, киім-кешек берілді. Пробация есебінде тұратын көпбалалы аналар да назардан тыс қалған емес. Қазіргі уақытта қалалық пробация есебінде 588 қоғамнан байланысты еемес жаза түріне сотталғандар есепте тұр. Оның 97-сі – әйел.

Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жұмыспен қамту бөлімі, қоғамдық қорлармен бірлесе жұмыс атқарамыз. Қоғамдық қордың қолдауымен көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қандай жұмыс атқарсақ та, ең басты мақсатымыз – сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу», – деді қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Бахытжан Наурызбаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: