Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада полиция қызметкері тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді

22.11.2025, 1:02 82

Кеше Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын үй ауласындағы қорадан 1 бас жылқысының жоғалғандығы жөнінде арызданды.

Түскен арыз бойынша учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция лейтенанты Хасиханов Зелимхан оқиға орнына шұғыл жетіп, іздестіру шараларына кіріседі.

Тиісті бағыт-бардар беріп, өзінің мотокөлігімен барлық елді мекендердегі шаруа қожалықтарын, жайылымдық жерлер мен шалғайларды толығымен аралап, нәтижесінде жоғалған жылқыны Ақсу ауылына қарасты Бостай би учаскесінің күріштік алқабынан тауып, иесіне тапсырды.

Жергілікті тұрғын жылқысын тез арада тауып берген қызметіне адал полицейге алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Мал ұрлануына және жоғалуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департментінің қызметкерлері атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде халықпен жиындар өткізіп, онда мал ұрлығының алдын алу, ұжымдық жаюды ұйымдастыру, алдын алу шараларын нығайту, сондай-ақ үй жануарларын уақтылы сырғалау және таңбалау мәселелері қаралады.

Бұл ретте полиция қызметкерлері ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығын болдырмау мақсатында жедел-қызметтік жұмысының тиімділігін арттыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: