Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 30 қазан мен 1 қараша күндері аралығында «Күзгі демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – күзгі демалыс кезінде жасөспірімдерге қатысты және олардың тарапынан орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Әсіресе жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты қылмыстар, топтық төбелестер, суық қару алып жүру, түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген балалар секілді қауіп төндіретін жағдайлар бақылауға алынады. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді анықтау, оларды ішкі істер органдарының арнайы есебіне алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында да жұмыстар атқарылуда.
Полиция басқармасы ата-аналар мен ұстаздарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, демалыс кезінде олардың уақытын пайдалы әрі қауіпсіз өткізуіне ықпал етуге шақырады.
Ләззат Ахметова,
ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!