Қос тұрғыннан 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілген.
Заңсыз аңшылыққа шыққан азаматтарға 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындап отыр.
Табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары олар мінген көлігін тоқтатты. Сол сәтте көлікте 30-дан астам киік еті, 5 киіктің басы барын анықталды.
– Белгілі болғаны, облыстың екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шыққан. Автокөлікпен киіктерді қуып, оларға оқ атқан. Сараптама қорытындысы бойынша екі тұрғынның мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтіргені анықталды. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұған қатысты қылмыстық істі қарап, оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағымен қозғалған бойынша кінәлі деп таныды. Оларға 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ортақтасқан тәртіпте олардан 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды, – деп мәлім етті Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!