Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада интернет-алаяқ ұсталды

09.08.2020, 15:00 492

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының тұрғыны сенімді теріс пайдалану жолымен танысының атынан интернет банкінен 75000 теңге ақша алып, жымқырған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен /алаяқтық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, тергеу барысында күдікті азаматшаның аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Қылмыстық әрекет толығымен өз дәлелін тауып, іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сот процесінде күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берді.

12 маусым 2020 жылғы сот үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: