Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті

14.05.2024, 9:45 148

HALYQLINE.KZ

Қызылордада екі жылдан бері халықаралық іздеуге жүрген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

«Аталған шара барысында Қызылорда қаласының халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол екі жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: