Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада есірткі жарнамалаған 1500 интернет-сайт бұғатталды

02.02.2026, 0:58 26

Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 304 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз айналымнан 1 тонна 883 килограмм есірткі заты тәркіленді.

Оның ішінде 220 килограмм марихуана, 687 грамм гашиш, 1 тонна 650 килограмм сора өсімдігі, 9 килограмм көкнәр өсімдігі және 2 килограмм 666 грамм синтетикалық есірткі заты бар. Сонымен қатар үй жағдайында сора өсімдігін заңсыз өсірген 5 фитозертхана анықталды. Аса ірі мөлшерде мефедрон және a-PVP синтетикалық есірткі затын тасымалдағаны үшін күдікті ретінде Қызылорда, Маңғыстау облыстарының тұрғындары ұсталды, – делінген хабарламада.

Есірткіні заңсыз жарнамалау бойынша екінші деңгейлі банктердің 1100 есепшоты «Антифрод» жүйесі арқылы бұғатталды. Синтетикалық есірткіні жарнамалаған 1500 интернет-сайт «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, бұғатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: