Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада дактилоскопиялық тіркеу өз қызметін атқаруда

23.01.2024, 17:20 177

Саусақ ізін тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Мұндай тіркеу Қызылорда облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізілуде.

Дактилоскопиялық тіркеуден 16 жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ құжаттарын ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өз еркімен өте алады. Ал міндетті дактилоскопиялық тіркеуге 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы аумағынан шығару түріндегі жазаны көздейді.

Бұл рәсім адамның мүдделерін қорғау және оның заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Егер адам құжаттарын жоғалтып алса, саусақ ізін тіркеу оларды қысқа мерзімде қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар оның көмегімен жеке тұлғаны тез арада анықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, оның тиімділігін есте сақтау қабілеті нашар немесе есінен танып қалған азаматты тану кезінде байқауға болады. Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық деректері мемлекет тарапынан қорғалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: