Қызылордада аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы бас бухгалтері қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 2015-2019 жылға дейін жалған іс сапар құжаттарын ресімдеп отырған.
Аталған дерекке қатысты сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион теңге.
Аудандық аурухананың бұрынғы қызметкерлері М.Сатыбалдиева мен З.Шомантаева 2 жылдан 7 жылға дейін, ал М.Бөрібаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!