Қызылорда облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 31 жастағы әйел азаматша «телеграмм» месенджері арқылы экстремистік материалдарды таратқаны анықталды.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!