Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын сотталды

25.04.2023, 10:35 317

HALYQLINE.KZ Қызылордада алаяқтық қылмысын жасаған 21 жастағы тұрғын сотталды.

Қызылорда облысының 21 жастағы тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айында үш қала тұрғынының телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, алдап, телефондарды сатып жіберген.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 1,6 млн теңгеден асады. Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен дәлелденіп, оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланған. 

2023 жылғы 28 наурызда сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: