HALYQLINE.KZ –| Елімізде енгізілген төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды.
Соңғы тәулік ішінде 425 мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 51 құқықбұзушылық анықталды.
Қала төңірегінде – 38, Қармақшыда – 10, Жалағашта – 1 және Байқоңыр қаласындағы өкілдікпен – 2 дерек анықталды.
Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралып, 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды.
Көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, олар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыс бойынша 35 бекет қойылды. Облыс аумағына кіретін автожолдарда азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында 3 санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқаруда.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда жүргізіл жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 43 пайызға, ал жол – көлік оқиғалары 25 пайызға азайып отыр.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!