Баланың бұл еңбегі елеусіз қалмады.
Қызылордалық полицейлер қылмыскерді ұстауға көмектескен Ерден Бағдатұлына құрмет көрсетті.
Жиынға басқарма бастығы Айдар Қасанов қатысып, батыр балаға алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.
Оқиға 9 ақпан күні болған. Жағдайды толығымен полиция қызметкерлеріне жеткізіп, қылмыстың ашылуына септігін тигізген Ерденнің ерлігіне полиция қызметкерлері де дән риза.
Жеке құрамның қатысуымен өткізілген гарнизондық жиында 7 жастағы Ерден Бағдатұлы секілді елдің нағыз патриотын тәрбиелеген ата-анасына да алғыс айтылды.
– Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ұжымына алғысымды айтамын. Баламның еңбегін елеп жатқанына қуаныштымын, – деді батырдың анасы.
Жиыннан соң 7 жастағы батырға полицейдің жұмыс тәртібі, қызметі көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!