Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 215 млрд теңгелік инвестжобаны жүзеге асыруға кедергі жасағандар анықталды

23.02.2026, 16:50 37

Қызылордада прокурорлық ықпал ету шараларымен 215 млрд теңгелік инвестжобаның іске асуы қамтамасыз етілді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС қуаттылығы 240 МВт болатын жылу электр орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Аталған жоба бүгінде шетелдік инвестордың қатысуымен іске асып жатқан елдегі ірі энергетикалық жобалардың бірі. Жобаның жалпы құны 215 млрд теңгені құрайды. Оның аясында 150 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру барысында инвестор инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде қиындықтарға тап болды.

Атап айтқанда, жабдықтарды нақты жеткізу сәтіне дейін техникалық құжаттаманың толық пакетін ұсыну мүмкіндігінің болмауы келісімшартты рәсімдеуге кедергі келтірген.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде инвестициялық келісімшартқа қол қойылып, жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылу тәуекелдері жойылды. Сонымен қатар, прокурорлық сүйемелдеу шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыру барысында туындаған 6 проблемалық мәселе уақтылы шешімін тапты.

Қабылданған шаралар өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобаның белгіленген мерзімде іске қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.


Фото: istockphoto.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: