HALYQLINE.KZ «Қарасора-2020» шарасы барысында қызылордалық полицейлермен бір тоннаға дейін есірткі жойылды.
2020 жылғы 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы Қызылорда облысы аумағында да өткізілуде.
Осыған орай, егілетін қарасораның егістерін анықтаудың және жоюдың іс-әрекеттерін іске асыру үшін, жергілікті құқық қорғау, атқарушы органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылып, арнайы жоспарлар бекітілді.
Іс-шараның мақсаты – есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.
Атқарылған ауқымды іс-шаралар нәтижесінде барлығы 77 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде есірткі өсірудің 64 дерегі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 7 дерегі және есірткі сатудың 6 дерегі анықталды.
Есірткі өсіргені үшін барлығы 63 тұлға ұсталса, оның 27-сі қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта далалық аймақтардан ірі көлемдегі есірткі алқабын анықтау мақсатында топтар құрылып, шолу жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!