HALYQLINE.KZ Тасбөгет кентінде жоғары жылдамдықпен жүрген автокөлік 4 адамды қағып, оқиға орнында 2 адам көз жұмды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 23 шілде күні түнгі сағат 22:50 шамасында болған. Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ – 2114» маркалы автокөлігі жоғары жылдамдықпен келіп, «Мерседес – Бенц» маркалы көлігіне жанама соғу арқылы 4 адамды қаққандығы жөнінде полицияға хабарлама түсті.Жол көлік оқиғасы салдарынан жол жиегінде келе жатқан 28 жастағы азаматша мен оның нәрестесі оқиға орнында көз жұмды, 2 азамат түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі жүргізушінің жансақтау бөліміне жеткізілуіне байланысты оған қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!