HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан бейбіт шеруге қатысы бар 58 азаматтың жазасы жеңілдетілді.
Әкімшілік құқықбұзушылық бабымен сотқа жолданған 41 азамат 15 тәулікке қамалуы керек болған, деп хабарлайды Экспресс К. Бірақ оларды қамау мерзімі қысқартылыпты.
«Сондай-ақ 5-7 тәулікке әкімшілік қамау жазасына кесілген 16 материал бойынша құқық бұзушылар сот залынан босатылды. Ал 1 адамға қатысты айыппұл жазасы ескертуге ауыстырылды. Сот қаулылары заңды күшіне енді», – деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Айта кету керек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан үш күн бұрын жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету керектігін жазған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!