HALYQLINE.KZ Қызылорда – Құмкөл автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Қайтыс болғандар бар.
2021 жылдың 13 қаңтарында сағат 14:20 шамасында Қызылорда – Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және бір жолаушы оқиға орнында, екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды. Сонымен қатар, қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлы анықталуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!