Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қауіпсіз қала ма?

14.10.2020, 17:30 746

HALYQLINE.KZ Жол қауіпсіздігін сақтау және жедел жағдайды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында 8-12 қазан аралығында Қызылорда қаласы аумағында «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өткізілді.

Жедел профилактикалық шара нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 12 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, есірткі затын заңсыз тасымалдау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК–нің 296-бабының талаптарына сәйкес 2 фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Суық каруды алып жүрудің 1 дерегі анықталып, заттай дәлелдеме ретінде шаппа тәрізді пышақ алынды.

2020 жылдың шілде айынан хабар ошарсыз кеткен 1 азамат табылып, туыстарына табысталды.

Кәмелет жасқа толмағандардың түнгі мезгілде ата – анасының қарауынсыз жүру фактісінің 2 дерегі анықталып, ата-анасына айыппұл салынды.

Автокөлікті басқару құқығын растайтын тиісті құжаттары болмауына байланысты 4 автокөлікке Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 612-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Автокөліктің терезелерін қараңғылап басқару дерегі бойынша 1 автокөлікке Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 590-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамасы толтырылды.

Автокөліктің мемлекеттік белгісін теріс айналдырып тағып басқарғаны үшін 1 автокөлік иесіне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 590-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамасы толтырылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Искаков Ермек Бердалыұлы қала тұрғындарына және қонақтарына: «Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері халықтың тыныштығы мен олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күнделікті рейдттік іс шаралар ұйымдастыруда. Олардың ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолда жүру ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар көпқабатты үйлер мен жеке үй аулаларында жаяу бағыттағы және патрульдеу бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Сіздерді құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тәртіпке бағынып, заң талаптарын қатаң сақтау ескертіледі».

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: