Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркеген

23.03.2025, 9:17 87

Қызылордалық прокурорлар «Damubala» бағдарламасы аясында ашылған үйірмелер мен секциялар жұмысынан бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалағаш ауданында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына, ал тірек-қимыл жүйесі бұзылған баланы заманауи би үйірмесіне тіркеп пайда тапқан жағдай орын алған.

“Жария оферта шартына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік тапсырысты іске асыру талаптарының сақталуын бақылауы тиіс болған. Алайда жекелеген өнім берушілер домбыра, эстрадалық вокал үйірмелерін 2020 жылдан бері бері қараусыз тұрған, өрт қауіпсіздігі және санитария қағидаларына сай келмейтін үй-жайларда өткізген. Бақылаудың болмауынан балалар талапқа сай келмейтін, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті нысандарда тәрбиеленген”,- делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Қадағалаушы орган заң талаптарының сақталмауы мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру мәселесінің дұрыс жоспарланбауынан басталғанын алға тартып отыр.

“Соңғы үш жылда мемлекеттік тапсырысты орындауға 11,6 млрд теңге бөлініп, 310 өнім беруші қызмет көрсеткен. Жергілікті атқарушы орган бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақыламаған. Соның салдарынан өнім берушілерге 500 млн теңгеге жуық қаржы негізсіз төленген. Қазір мемлекетке 30-дан астам өнім берушіден 91 млн теңге өндірілді”,- делінген ведомство хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: