Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды

22.10.2021, 17:58 557

Бұл туралы полицейлер брифингте айтты, деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2.09.2021 жылы азамат С.Бегімбайдың өз басқаруындағы жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына шығып, хабар-ошарсыз жоғалу дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Қылмыстық істің төңірегінде хабар-ошарсыз жоғалушы С.Бегімбайды анықтау бағытында кешенді жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топтар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық гвардияның сарбаздары және туған–туысқандары, жолдастары, еріктілер тартылып, жұмылдырылған. Кешенді іздестіру іс-шараларына арнайы техникалар мен тікұшақ қолданылған.

Нәтижесінде, 19.10.2021 жылы «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128-шақырымынан хабар-ошарсыз жоғалушы С.Бегімбайдың иелігінде болған жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған. 22.10.2021 жылы сағат 13:25 шамасында кешенді іздестіру іс-шараларын жүргізу және оқиға болған аймақты сүзгілеу нәтижесінде, «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды. Тергеу органымен, осы далалық жерден табылған белгісіз азаматтың мәйіті хабар-ошарсыз жоғалушы С.Бегімбайға тиесілі болуы мүмкін екеніне болжам жасалған. Қазіргі уақытта, оқиға болған жерге жедел тергеу тобымен және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, мәйітті тануға ұсыну туралы тергеу әрекетін және тиісті сот-сараптамаларын жүргізу нәтижесінде, белгісіз азаматтың мәйіті нақты кімге тиесілі екені анықталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: