Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды

03.02.2023, 9:10 417

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 ақпанда Самара – Шымкент тасжолының 1860/406-шақырымында Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында Ресей елінен Қырғызстан Республикасына қарай бағыт алған Toyota автокөлігі аударылған.

Анықталғандай, автокөлік жүргізушісі тайғақ жолда рөлді басқара алмай қалған. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, 6 жолаушы жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді. Барлығы Қырғызстан Республикасының азаматтары.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ақпанда сағат 00:00 мен 15:00 аралығында Қызылорда облысы көлемінде барлығы 14 жол-көлік оқиғасы болды. 11 автокөлікке материалдық шығын келтіріліп, бір адам қаза болып, 10 адам жарақат алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: