Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында 2 жылдан бері қылмыс тіркелмеген ауыл бар

09.12.2024, 9:45 51

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында екі жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Ауылда 170 отбасы тұрады, яғни, мыңға жуық адам. Мұндағы отбасылардың барлығы дерлік мал ұстайды. Өйткені, ауылдық жерлерде мал мен егін – отбасының экономикалық әл-ауқатының негізі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бірде-бір қылмыс жасалмаған. Бұған азаматтардың тату-тәтті қатынаста болуы және учаскелік полиция инспекторы Аңламасов Орынбасар Олжабайұлының қолға алған профилактикалық шаралары негіз болды.

Атап өту керек, аталмыш ауылда екі дүкен бар, алайда, ешқайсысында алкоголь сатылмайды.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, учаскелік инспектор болғандықтан, ол бірінші кезекте ауыл тұрғындарымен және ақсақалдармен, кент әкімшілігімен, жергілікті мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнатқан. Учаскелік инспектор ауыл әкімшілігімен бірге мал жаюды да ұйымдастырды.

«Орынбасар осы ауылға келгелі қылмыс азайып, ауылымызда қазір мал ұрлығы жоқ деп айтуға болады» дейді жергілікті тұрғындар. Учаскелік инспектор мектеп қызметкерлерімен де тығыз байланыста. Оқушылармен, ата-аналармен рейдтер ұйымдастырып тұрады.

Қарапайым халықтың қайнаған тіршілігінің ортасында жүрген тәртіп сақшысы – өнегелі отағасы. Жан жарымен бірге 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: