Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Көлікті мас күйінде жүргізетіндер көп

19.01.2021, 13:00 502

HALYQLINE.KZ  Көлік құралын мас күйінде басқару – қылмыспен тең. Жүргізушілер спирт ішімдігін ішіп, өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретінін ойлау керек. Жыл басынан облыс бойынша көлік құралын мас күйінде жүргізген 49 жүргізуші анықталды.

Мысалы, 8 қаңтарда патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Nexia маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Қызылорда қаласының 30 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: