Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде 19 жазасын өтеуші азаматтар шаруашылық қызметіне қалдырылып, жұмыспен қамтылған.
Олар: сантехниктер, электриктер, дәнекерлеушілер, шаштараздар, гардеробшылар, тазалаушылар, асхана жұмысшылары, абаттандырушылар, құрылыстар мен құрылыстарды жөндеушілер, БОД (ванна және кір жуу зауыты) жұмысшылары, кір жуу машинистері жұмыс істейді. Сотталған азаматтар мекеме бастығының бекіткен күн тәртібіне сәйкес қызмет атқарып, ай сайын еңбек жалақыларын алып отырады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан бөлінетін еңбек демалысына да уақытылы шығып тұрады. Қызметтері үшін төленетін айлық жалақыны сотталған азаматтар отбасыларына және өздеріне қажетті заттарға жаратады.
Тергеу мекемесіндегі шаруашылық бөліміне қалдырылған 19 сотталғанның еңбекпен айналысуы олардың мінез-құлқына игі әсерін береді. Жұмыс оларды бойкүйездіктен, әртүрлі жағымсыз ойлардан арылтады. Ең бастысы, жеке тұлға ретінде дамуын арттырып, бойларында өз-өздеріне деген сенімділікті нық орнатуға үлкен әсері бар. Яғни, жұмыспен айналысу сотталғандар үшін – босатандыққа бастайтын жол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!