HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында «Қауіпсіз қала» іс-шарасын өткізуде. Рейдттік тексерудің бір күнінде масаң күйде көлікті тізгіндеген 6 жүргізуші анықталды.
Мәселен, 11 тамыз күні түнгі уақыт 23:25 шамасында «Nissan Qashqai» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, жүргізуші алкогольді спирт ішімдігін ішкендігі анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша оның, «орта» дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!