Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Бір күнде 11 дана қару тәркіленді

19.10.2020, 14:20 492

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы көлемінде заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, қазан айының 16-21 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның 1 күнінде облыс көлемінде 2485 қару иесі тексеріліп, 37 құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 11 дана қару тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 484-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) 14 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 14 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін 69 қару иелері емтихан тапсыруға жолданды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: