Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда-Астана пойызында босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

23.04.2025, 3:20 243

Қарағанды облысында адам шошырлық жағдай орын алды. Қызылорда-Астана бағытындағы пойызда жолаушы әйел вагон ішінде босанып, сәбиді терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 20 сәуір күні пойыз Қарағанды станциясынан өткеннен кейін жолсерік санитарлық аймақтан қан іздерін және әжетханадағы лас жағдайды байқаған. Жолаушылардың бірі көрші купедегі әйелдің көрпенің астында қанға малынып жатқанын аңғарған. Кейін оның жаңа босанғаны анықталған.

“Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексерудің нәтижесіне қарай, сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”,- деп жауап берді Көліктегі полиция департаменті редакцияның сауалына.

Кейінірек пойыз жолының жиегінен нәрестенің денесі табылған. Өкінішке қарай, сәби тірі қалмады.

Аталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: