Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызметтік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

04.02.2025, 15:05 102

Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб-нің қызмет көрсету аумағында 2025 жылдың 03-20 ақпан аралығында «ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік қару айналымы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар тарапынан қарудың сақталуын, пайдалануын, алып-жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеу, алдын-алу болып табылады. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға сай жауапкершілікке тарту көзделген. Егер Сіз қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларды тапсаңыз, оларды тасымалдауға тырыспаңыз.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау және жарақаттанудың алдын алу үшін дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: