Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыз алып қашудың соңы өліммен аяқталды

26.05.2025, 16:55 155

Фото: коллаж El.kz/ ZTB
Алматыда қыз алып қашқан көлік жол апатына ұшырап, салдарынан көліктегі қыз оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғаны Алматы облысының полициясы растады. Қайғылы оқиға Үлкен Алматы айналма жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Соқтығысудың салдарынан Mercedes-Benz көлігі аударылып қалған. Mercedes-Benz көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда KIA жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: