Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қысқы қауіпсіздік: қызметкерлердің көлігі тексерілді

12.12.2025, 11:00 31

HALYQLINE.KZ

Қыстың қытымыр мінезі қамдану керегін еске салады. Өйткені, көктайғақта жолдағы қауіп те еселенетіні белгілі. Осы тұста, жол-патрульдік полициясы ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі қызметкерлерінің жеке автокөлігіне тексеру жүргізді.

Қауіпсіздік талаптарын күшейту мақсатындағы іс-шара әр қызметкердің амандығын сақтаудағы негіз болды. Арнайы мамандар көліктердің техникалық жағдайын, құжаттардың дұрыстығын және ең бастысы, қысқы дөңгелектердің орнатылуына мұқият қарады.

– Көлік – күнделікті қатынас құралы. Сондықтан, оның талапқа сай болып, дұрыс жабдықталуы өзіміздің де, өзгенің де өміріне тікелей әсер етеді. Оның үстіне, қызметте де, қызметтен тыс уақытта да талап пен тәртіпті сақтау – міндетіміз. Сол себепті, мұндай тексеру жұмысы барынша ұқыпты әрі ыждағатты болуға ықпал етеді, — дейді жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспектор әділет лейтенанты Фердауси Ертай.

Жол-патрульдік полициясының кәсіби қолдауы мен бірлескен бақылау қызметкерлерге уақытылы ескерту жасап, қауіптің алдын алуға көмектеседі. Мұндай тиянақты тексеріс – қос тараптың амандыққа алаң болып, сақтыққа салғырт қарамайтынына дәлел.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: