Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен БАҚ туралы заң жобасы кері қайтарылды.
Бұның алдында мемлекет басшысы елдегі ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесіп, онда Жогорку Кеңеш қарауында жатқан БАҚ туралы заң жобасын талқылаған.
Ақпарат құралдары өкілдерінің пікірін тыңдаған президент заң жобасын жетілдіре түсуді тапсырды.
Президент әкімшілігі ұсынған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы Жогорку Кеңешке 2023 жылғы желтоқсанда түскен. Содан бері құжатты парламенттің түрлі комитеті қараған.
Қырғызстандағы заңгерлер, сарапшылар және медиақауымдастық бұл заң елдің демократиялық көрсеткіштері мен сөз еркіндігіне қауіп төндіретінін талай рет ескерткен.
Фото: data.kaktus.media
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!