Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қылмыстық сот ісін жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етеді

24.07.2024, 8:45 147

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық кодекстегі аса ауыр қылмыстарды қарайды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл сотқа түскен істер бойынша адам саны 18 адамға азайған. Сонымен қатар, прокуратура органдарына 4 адамға қатысты 2 қылмыстық іс қайтарылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына қатысқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашевтің айтуынша, осы жылы алқабилердің қатысуымен 1 қылмыстық іс қаралған. Ең басты ерекшелігі – алқабилер тек аса ауыр қылмыстарды қарайтын сот отырыстарына ғана қатыстырылады.

– Жалпы, алқабилер соты – қылмыстық соттың істі қарауына шақырған және ант қабылдаған ҚР азаматы қатысатын сот жүйесі институты. Елімізде алқабилер соты 2007 жылдан бері қолданылады. 2007-2009 жылдар аралығында алқабилер өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру бойынша істерді қарады. Ал, 2010-2012 жылдары қылмыс саны кеңейтіліп, аса ауыр қылмысқа жататын барлық іс қаралды. Алқабилер сотының қазіргі гибрид жүйесіне сәйкес, қылмыстық істерді 1 судья және 10 алқаби қарайды және қосалқы 2 алқаби болады. Ережеге сәйкес, алқаби болуға үміткер азаматтар 25 пен 65 жас аралығында болуы керек, – деді судья Асыл Изтелеуова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: