HALYQLINE.KZ Өмірдегі ең жауапты кезең – ғұмырлық жар таңдау сәті.
Бірақ, жүреккке әмір жүрмейді, махабатта шекара жоқ. ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы ҚР ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 5- 7тармағы) бойынша 5 жылға бас бостандыған айрылған 1992 жылғы Т. есімді ер азамат өзінен 8 жас үлкен келіншекпен некеге тұрды.
Мекеме заңгері А.Әлназаров екі тараптың өтініші бойынша, барлық құжаттарды жинақтап, АХАЖ бөліміне жолдаған болатын. Уақыт мерзімі келгенде тиісті қызметкерлер келіп, екі азаматқа неке куәлігін тапсырды.
– Жүрек кімді қаласа сол сүйікті демекші, мен жігітімнің сотталғанына да қарамай некелестім. Ол да, менің өзінен 8 жас үлкендігіме қарамай, бұрынғы күйеуімнен тапқан бір қызыммен қабылдады. Екеуміз жұмыс барысында таныстық. Ол, мен жұмыс істейтін мекемеде монтаж жұмыстарын жасап жүрген. Анамның үйінде құрылыс жүріп жатқандықтан, телефон нөмерін жазып алған болатынмын. Керек уақытында шақыртып едім, аталған мекенжайға лезде келді. Аз уақытта жұмысын ұқыпты етіп аяқтады. Сол жұмысшылардың арасында осы бір ұзын бойлы жігіт, сымбаттылығымен әрі әзілдеп жүріп көңілімді баурап алды.
Екеуміз танысып білісіп үйленеміз деп жүргенде, күтпеген жерден қылмыскер атанды. Енді міне, соның өтеуін өтеп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қиын шақта жігітімді қолдау мақсатында, некеге тұрып, ара қатынасымызды заңдастырдық, – дейді, С. есімді 36 жастағы есепші келіншек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!