Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қуандық Бишімбаевтың туысы 6 жылға сотталды

16.02.2026, 16:10 59

Астанада сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбековаға қарсы шамамен 1 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасаған деген айыппен тексеруші Бекзат Кемелованы кінәлі деп таныды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот үкімімен Кемеловаға 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және оның мүлкі тәркіленеді. Бірақ кәмелетке толмаған баласының болуы ескеріліп, жаза орындау бір жылға кейінге шегерілді.

Сот шешімі бойынша Кемеловадан Нұрлыбекованың пайдасына 500 миллион теңгеден астам қаржы, сондай-ақ 45 миллион теңге тұратын пәтер өндірілетін болды.

Сот сонымен қатар бұл істе куә ретінде жауап берген бір әйелдің жалған айғақ бергені анықталғанын айтты. Оған қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Фото: aqtilek.almasuly

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: