Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құжатсыз көлік тізгіндеген

10.02.2021, 12:00 518

HALYQLINE.KZ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 28 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Мәселен, аталған шара аясында 4 ақпанда Қызылорда қаласының патрульдік полиция батальоны мен Полиция басқармасы ЖПҚ бөлімінің қызметкерлері Н.Назарбаев даңғылында келе жатқан «Хюндай акцент» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында, 30 жастағы жүргізуші құжатсыз көлікті басқарғаны белгілі болды. 2019 жылы желтоқсан айында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, соттың үкімімен басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ол тағы да рульге отырды.

Тәртіп бұзушының өзі полицияға жеткізіліп, ал, көлік айыппұл тұрағына қамалды.

Қазіргі уақытта, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы» бойынша хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: