Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жемісін беруде

27.04.2023, 17:35 231

 Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

  Іс-шараның бір күнінде 10 қылмыс  ашылып, 398 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.              

Оның ішінде 19 ұсақ бұзақылық тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 34 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 2 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу – 27, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 37 дерек болды. 

 Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: