Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Құқықтық тәртіп»: 3 күнде 900-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

04.06.2024, 17:45 180

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталмыш шара 01 – 10 маусым аралығында өткізілуде. Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.

Аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күнде 900-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық дерек анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық ҚР ӘҚБтК-нің /434 бабы/ – 49, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу /440 бабы/ – 84, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың (608-бабы) – 7, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру (442-бабы)-134, түнгі тыныштықты бұзу бойынша (437-бабы) 62 дерек анықталған, ҚР тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрудың /492 бабы/ 73 дерегі тіркелді. Жалға берілетін 98 пәтер тексерілді.

Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы Департамент бастығының бақылауында тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: