HALYQLINE.KZ Заңдылықтарды қамтамасыз етуде әскери прокуратура қызметкерлері әскери бөлімдердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтап қана қоймай, жеке құраммен тұрақты түрде жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
Құқықтық тәрбие – әскери қызметке саналы көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы. Әскерлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, әсіресе әскери қызметшілердің өз борыштарын ең жақсы орындауы кезінде бөлімнің, бөлімшенің жауынгерлік әзірлігі үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, әскери жарғылармен және антпен қамтылатын жеке қасиеттерді бойға сіңіру ерекше мәнге ие.
Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем жол бермеу қағидатын ұстануы тиіс екендігін, алдын- алу шараларының негізінде заңдарды түсіндіру жұмыстары ұтымды болып табылатынын көрсетті. Жауынгерлердің заңдарды, жарғыларды қалай құрметтейтіні, оларды қаншалықты дәл орындайтындығы, әскерде әскери тәртіпті нығайту қажеттілігін терең түсінуі, ең алдымен, Қарулы Күштердің алдына қойылған маңызды міндеттің орындалуына байланысты.
Құқықтық насихаттың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің алдында тұрған міндеттер әскери қызметшілермен тәрбие және құқықтық жұмысқа ерекше көзқарасты талап етеді.
Осы жылдың маусым айында Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының басшылығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесі өтті. Онда әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері талқыланды. Әскери тәртіпті қатаң сақтауға, әскердегі қылмысты жоюға нақты алғышарттар жасау, осы жұмыстардың маңыздылығын дұрыс түсінуге, оны одан әрі жетілдіруге байланысты бірқатар нұсқамалар ұсынылды.
Осы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерде, барлық әскерлер мен әскери құралымдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және әскери тәртіпті нығайту бойынша айтарлықтай бірлескен жұмыс жүргізілетінін айта кету қажет.
ҚР Президентімен 2022 жыл – «Балалар жылы» деп жарияланды.
Осыған орай, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының бастамасымен қазіргі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында, «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан Облыстық интернат үйлерінің біріне 2022 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда қаласында содырлармен ұйымдастырылып орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ерлікпен қайтыс болған ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Мадияр Оразалыұлы Қайсаровтың құрметіне атау беру мәселесі қолға алынған болатын.
Бұл бастау Қызылорда облысының әкімдігімен келісіліп, 7 сәуірінде М.О.Қайсаровтың ата-анасының арнайы қатысуымен салтанатты түрде «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан Облыстық интернаттың «Жетісу» үйінің атауы «Мадияр Оразалыұлы Қайсаровтың» құрметіне өзгертілді.
Қызылорда гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, әскери қызметшілер үшін қолжетімді орындарда «Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының Құқықтық бұрышы» стендтері орналастырылған, онда қандай да бір құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әскери прокуратураның сенім телефондары бар.
Сонымен қатар, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен қадағалаудағы әскери бөлімдерде қызмет атқарып жатқан жас сарбаздардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Прокурор сағаты» тұрақты түрде өткізіледі.
Әскери қызметшілермен кездесулер аясында анонимді сауалнама, әрбір әскери қызметшімен жеке кездесу жүргізіліп, кенеттен тыс дене тексерістері өткізіліп, қауіпсіздікті сақтау, заң талаптарын орындау және барлық заңсыз әрекеттер бойынша гарнизонының әскери прокуратурасына жедел хабарлау туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.
Құқықтық тәрбиенің түпкі міндеті – заң талаптарын терең меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің санасына құқықтық нормаларды қатаң және мүлтіксіз жеткізу, заңдылық пен құқық тәртібі үшін белсенді күрес қажеттілігі туралы түсінік беру, құқық нормаларын сақтауды әр адамның үйреншікті ісіне айналдыру болып табылады.
Әскери қызметті өткеруге байланысты мәселелер туындаған кезде азаматтар Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасына Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, 2А мекенжайы бойынша және телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады: 8 (724) 2-27-77-37, +7 705 433 9499.
Әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты өтініштермен Бас әскери прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру тобының (тел. 71-29-39) сенім телефонына хабарласа аласыз.
Ғалымжан Маханбетов,
Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!