Құқықтық норма – әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.
Құқық нормаларын түсіндіру – мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесінде нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеуметтік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.
Құқықтық норманы түсіндірудің мақсаты – заң шығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған. Құқықтық норманы түсіндіру екі жақтан құралады:
– норманың мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);
– норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).
Құқықтық нормаларды түсіндіру тəсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы.
Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:
- грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ержелерінің, орфографияның жəне т.б. көмегімен түсіндіру;
- логикалық – логика заңдарының жəне ережелерінің көмегімен түсіндіру;
- жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;
- тарихи-саяси – құқықтық норманы қабылдаудың нақты-тарихи жəне саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;
- теологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;
- арнайы-заңды – заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.
Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:
– ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады жəне заңды салдарды туындатады;
– бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мəні болмайды жəне биліктік күші жоқ.
Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) жəне казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабылдаған органмен беріледі) жəне легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді. Түсіндірудің нəтижелері заң нормаларының шын мəніндегі мазмұны мен мəтінінің арақатынасына қарай əртүрлі болуы мүмкін. Осындай арақатынастықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):
1) дəлме-дəл түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы мен оның мəтіндік көрінісі сəйкес келген жағдайда мүмкін;
2) шектелген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы оның мəтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолданылады;
3) кеңейтілген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы оның мəтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қолданылады.
Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.
Ғазиз Ермаханов,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы, Қазақстан Заңгерлер Одағының мүш
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!